МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қайнар Күшек сұлтан сағанасы

Ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс бетінде орналасқан. Тарихшы, археолог Н.Б.Немцеваның Қожа Ахмет Ясауи кесенесі айналасында 1958ж. жүргізген қазба жұмыстарының есебінде жер асты құрылысы жайлы айта келіп оның үстінде бір кездері кесенесі де болуы мүмкін деген болжам жасайды. Тарихта талай соғыста ерлігімен аты шыққан Қайнар Күшек сұлтан Тәуекел ханның Бұхараны қоршаған әскерінің алғы шебін басқарады. Осы соғыста Тәуекел хан ауыр жарақат алып Ташкентте қайтыс болады, ал Қайнар Күшек сұлтан шайқаста қаза табады. Әкесі Ондан сұлтанның Үлкен Ақсарай мен Кіші Ақсарай ортасындағы дәлізде жерленгенінде осы ғалым жазып кеткен. Бұл құрылыстың орналасуының өзі-ақ (Қазақ халқының игі-жақсылары жерленген Үлкен Ақсарайдың сыртқы қабырғасынан 5м жерде) оның халқымыздың ең бір қадірлі де батыр ұлдарының бірі екендігін көрсетеді. Оның бас сүйегіндегі айбалтаның үшкір жағымен ұрған соққыдан түскен диаметрі 3см тесік марқұмның өз ажалынан өлмегенін, соғыста, шайқаста қаза тапқанын көрсетеді.

Кесенесі жойылып кеткенімен жер астындағы сағанасы (мүрдеханасы) сақталған бұл құрылысты 1954-1958жж. архитектор Н.Усманходжаев пен археолог Н.Б.Немцева аршып зерттеген, 1977ж. Түркістан археологиялық экспедициясының (Е.Ә.Смағұлов) археологы М.Қ.Тұяқбаев толық аршып қайта зерттеп шыққан. 2020ж. «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің тапсырысымен «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің мамандары қайта аршып, тұмшалау жұмыстарын жүргізді.

Алдыңғы ақпарат

Жалаулы ата кесенесі, ХІ-ХІІ ғғ.

Келесі ақпарат

Сауқым ата қалашығы, ХІV-ХVІІІ ғғ.