• 25 Сентябрь 2021

Сауқым ата қалашығы, ХІV-ХVІІІ ғғ.

Түркістан қаласынан солтүстік батысқа қарай 21 шақырым жерде, Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қосмезгіл ауылының орталығында орналасқан. Қалашық туралы мәліметтер «Древний Отрар» монографиясында «Тортколь-тобе Кзыл-Аскерское» атауымен кездеседі. Қаланы суландырған канал жайлы Әмір Темірдің Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне берген Вакуфтық құжатында «Арык Сунаки» деп айтылады. Жергілікті тұрғындар ХІХ ғасырда қалашықта Ислам дінін уағыздаушы Саухым ата деген кісінің жерленгенін айтады, сол кезден бастап төбе осылай аталып кеткен. Бұл кісінің ұрпақтары Шорнақ ауылында және оған көрші Қосмезгіл ауылында өмір сүреді. Төбе өлшемдері: солтүстігі-80м, оңтүстігі-100м, шығысы-90м, батысы -95м, биіктігі -4м. Ескерткішті алғаш рет 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (К.А Ақышев.) зерттейді. 1999 жылы Түркістан  археологиялық экспедициясы (М.Тұяқбаев) екінші рет зерттеп, өлшемдері  3х6м, тереңдігі 4м стратиграфиялық қазба түсірілген.

Алдыңғы ақпарат

Қайнар Күшек сұлтан сағанасы

Келесі ақпарат

Үйрек ата кесенесі, ІХ-Х ғғ.