Әзірет Сұлтан музей қорында ағаштан жасалған жәдегерлердің біріде бірегейі бұл Адалбақан. Адалбақан — киім және тағы басқа үй мүліктерін ілуге арналған жабдық. Адалбақан киіз үйге кірген тұсқа қойылатын болған. Киіз үй сүйегінің құрамына тікелей енбегенімен, міндетті түрде шебердің қолынан шығар дүниеліктің бірі болып табылады. Адалбақан сөзінің мағынасы «адал» сөзі парсының халал деген сөзінен шыққан, ал, бақан сөзі киіз үйдің шаңырағы мен түндігін көтеруге пайдаланатын, бір басы ашалы ағаш. Халық ұғымында адалбақан қасиетті таза мүлік деп есептеген. Музей қорында сақтаулы адалбақан ағаштан пирамида формалы болып жасалынып төрт тұғырға отырғызылған. Айналдыра астына масаты салып ортасы созылыңқыраған тамшы іспеттес болып ойылған, төрт бүршіктері бар. Жоғарғы жағында әсемделген металл ілмектер орнатылған. Өлшемі: һ-217см d-50 см Һ тұғ-12х35 см . Түсі қоңыр, жоғары тұсында темірден жасалған үш ілмегі бар. Өсімдік тектес оюлармен безендірілген. Ою-өрнектерді құрастыру үшін шеберлер өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін қолданған. Бұл ерекше жәдігерді 1978 Алматы Қаз музей реставрация шеберханасы тапсырған. Жасаған шебердің аты-жөні Ғ.И.Жалмақанов.