Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтандағы Қазақстан Республикасының Ұлттық жəне Алматыдағы Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік музейінің қызметкерлерін құттықтады.
«Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және Алматыдағы Орталық Мемлекеттік музей виртуалды экскурсия, онлайн-тур, көрме және музейге келу бойынша Ресей және ТМД елдерінің үздік тарихи және мәдени музейлері рейтингінде ТОП-5 қатарына енді.
Рейтингті музейлердің танымалдығы және виртуалдық тур ұсыну нәтижелерінің сараптамасы негізінде ТурСтат агенттігі жасады.
Біздің музейлер сәйкесінше 3-ші және 5-ші орында. ТМД елдерінің тарих және мәдениет музейлерінің үздік ондығына Мәскеудегі Мемлекеттік тарихи музей, Минскідегі Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейі, «Несвиж» Ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейі (Беларусь Республикасы), Бакудегі Әзірбайжан тарихы Ұлттық музейі, Еревандағы Армения тарихы Музейі, Ташкенттегі Өзбекстан тарихы Мемлекеттік музейі, Кишинёвтағы Молдова тарихы Ұлттық музейі, Душанбедегі Тәжікстан Ұлттық музейі енді.
Әріптестерімізді осы жоғары жетістіктерімен құттықтаймын! Сіздерге табысты еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын!,»-деп жазылған құттықтау хатында.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Алматыдағы Орталық Мемлекеттік музейі Ресейдің ТурСтат агенттігі жасаған виртуалды экскурсия, онлайн-тур, көрме және музейге келу бойынша Ресей және ТМД елдерінің үздік тарихи және мәдени музейлер рейтингінде үздік бестікке енді.