МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қазақстан Үкіметі Алтын Орда бойынша ғылыми және мәдени жобаларға қолдау көрсетеді

Жезқазғанда «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған әлемнің жетекші ғалымдары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Тарихшылар, мемлекет қайраткері және талантты әскери қолбасшы «Әлемді  дүр сілкіндірген» ұлық Ұлыстың ұлы билеушісінің үлкен ұлы Жошы ханның саяси мұрасының маңызды рөлін атап көрсетті.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ғылыми дискурста қай елді, қай этнос пен қай халықты империяның тікелей мұрагері деп атауға лайық екендігі туралы дау-дамай жиі кездесетінін атап өтті. Бұл ретте Алтын Орда кеңістігінде қазақ мемлекеттілігінің саяси, мәдени, этно-тілдік және шаруашылық-экономикалық негіздері жинақталғанын айтқан жөн.

«Орда ыдырағаннан кейін үлкен еуразиялық кеңістікте Қазақ, Астрахан, Сібір, Қазан, Хиуа, Бұқара, Қасым хандықтары, сондай-ақ Ноғай Ордасы пайда болды. Әрине ғылыми пікірталастардың болғаны жөн, бірақ сонымен қатар басты мақсат пен миссия-тарихи шындықты іздеу екендігін ұмытпау маңызды. Және де біз осынау ұлы ұлыстың аясында ондаған халық бейбіт қатар өмір сүрген, сауда-саттық жасаған, қалалар салған орасан зор империяның мұрасын бөліске түсіріп жатқанда,  тарихи тар кезеңдер туып, идеология ойыны басталатыны естен шықпау керек», – деді Дәурен Абаев.

Министр осыдан тура бір жыл бұрын, сол кездегі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында жұмыс сапарымен жүріп, Мемлекет басшысы Алтын Ордаға арналған халықаралық ғылыми конференция өткізу туралы бастама көтергенін еске салды. Қазір Жошы ханның жерленген жерінен 70 шақырым жерде орналасқан жетекші ғалымдар Жошы Ұлысын зерттеуге маманданған халықаралық академиялық қоғамдастықтың қалыптасу процесін жеделдететін жаһандық тақырыптарды көтеруде.

«Ең алдымен, Алтын Орда өз заманының қуатты және ең ірі империяларының бірі болғанын, оның керемет мәдениеті, әдемі қалалары, мұздай қаруланған қуатты армиясы, орнықты әкімшілік қызмет жүйесі бар екендігін түсіну маңызды. Оның аумағында әртүрлі дінді ұстанған, әртүрлі тілде сөйлеген көптеген халықтар бейбіт өмір сүрді. Олардың қатар өмір сүруі орта ғасырлар үшін диалог мәдениетінің, өзара байытудың, өзгелерді құрметтеудің және кемсітпеудің ең сирек үлгісін көрсетті», – деп атап өтті Дәурен Абаев.

Министр сондай-ақ Қазақстан Үкіметі Алтын Ордаға арналған ғылыми және мәдени жобаларды қолдауды жалғастыратынын айтты.

Алдыңғы ақпарат

Дәурен Абаев «Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады

Келесі ақпарат

«ТЕҢГЕЛЕР СЫР ШЕРТЕДІ»