1935 жылдың 15 сәуірі күні адамзат баласы үшін өте маңызды тарихи оқиға орын алды. Бұл — мәдени мұраларды сақтау туралы ең алғашқы халқаралық келісімшарттың қабылдануы еді. Рерих Пакті деп аталған осы келісімшарт негізінде әскери іс-қимыл, соғыс жағдайы кезінде көптеген материалдық тарихи-мәдени мұралардың сақталып қалуына мүмкіндік болды.
Адам баласының мәдениеттілігі оның өз мәдениетіне деген қарым-қатынасымен өлшенеді. Олай болса, барлығымыз өз тарихи-мәдени мұрларымызды сақтап, қорғап, насихаттауға ат салысайық!