МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Әзірет Сұлтанның туысы – Нұх шайық

Кереметін тірісінде де, бақилық болғасын да көрсеткен әулие бабалар қатарында аққорғандық Нұх шайық есімі аталады.
Көрген көзде жазық жоқ. Түркістан қаласы, Сұлтанбек Қожанов көшесіндегі М. Жұмабаев орта мектебінің ауласында күні кешеге дейін қам кесектен тұрғызылған
кесенесіне ешкімнің тісі батпағаны да ақиқат. Қылышынан қан тамған кеңестік жүйенің де шамасы келмеген. Ескі қорымның орнына мектеп салатын болғанда қала әкімінің шешіміне орай құрылыс жұмысы басталып кетеді. Ескі мазараттар сүріліп, жері тегістеледі. Тек Нұх Шайық мазаратына жеткенде абыр-сабыр басталып кетеді. Су жаңа техника табан астында бұзылады. Алғашында бұған онша мән берілмейді. Ертесіне қойған техникасы тағы ақаулы боп шығады. Үшінші күні тракторшы көліктен түсе қашады. Одан кейінгісі шұңқырға түсіп,мекеме техникасын әзер шығарып алады.
Мұсылманшылықпен енді бетпе-бет келіп тұрған мекеме басшылары не керек
бөтен діндегілерден көмек сұрайды. Кесене-мазаратқа жақындап қалғанда көзіме әруақ елестеді деп ол да бас тартады. Содан мектеп ауласының қақ ортасында көне мазар 15 жыл бойы бұзылмай тұрды. Қанша дегенмен баланың аты бала. Тығылмақ ойнаған да, қуаламақ ойнаған да баба мазарын таптай берсе керек.
Содан әулие баба ұрпақтарының түсінде аян беріп:
– Мен балалардың аяқ асты
боп жатырмын. Мүрдемді қазып алып, Қарашыққа жерлеңдер, – дейді. Ертесіне
тайлы-тұяғы қалмастан ағайын баба бейіті басында қан шығарып, іске кіріседі.
Олай қазады мүрде жоқ, былай қазады мүрде жоқ. Ақырында аян берілген балаға
«дәрет жаңала, бабаға сиынып сұра қайда жатқанын» дейді жұрт. Солай болады
да. Баба түсінде тағы аян беріп «бір құлаштан астам солға таман қазыңдар» дейді ұрпағына. Айтқандай-ақ мүрдесін сол діттеген жерден табады. Мүрдесі Қарашық зияратханасына көшірілген соң баба рухы ешкімді де қайта мазаламайды.
Ертесіне баба мазаратының орны жым-жылас тегістеледі. Мазаратты басып аяғы қақсағандар да, түні бойы елірмелеп шығатындар да сап тиылады. Бұл – өткен ғасырдың соңында болған оқиға Әзірет Сұлтан бабаның інісі, насабнамашы
Мәулана Саф ад-дин Орын Қойлақының немересі Нұх Шайық көрсеткен керемет.
Алдыңғы ақпарат

МҰХАММЕД ДАНЫШПАН ЗЕРНУКИ

Келесі ақпарат

НАЙМАНТАЙ БАТЫР