МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшысы Нұрболат Ахметжанов музей саласында еңбек етіп жүрген ардақты аналар мен аяулы аруларды құттықтады.
-«Тарихы терең Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени орындардың жаңғырып, зерттеліп, зерделеніп, болашақ ұрпаққа аманаттау жолында атқарылып жатқан елеулі істерге сіздердің де қосып жүрген үлестеріңіз зор. Қажыр-қайраттарыңызды, ерен еңбектеріңізді аянбай, отбасы бесігімен қатар тербетіп жүрген өздеріңіздей ардақты жандар барлық құрметке лайық.
Аяулы аналар, ардақты қыз-келіншектер! Баршаңызды 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыздан бақыт, жүздеріңізден қуаныш, еңбектеріңізден табыс кетпесін»,-деп құттықтауын жеткізген Нұрболат Қадырұлы қорық-музей жұмысын жандандыру бағытында еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Мерекелік басқосу аясында ұжымның ер-азаматтары Ғафу Қайырбековтің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін хормен орындап, аяулы аналар мен қыз-келіншектерге арналған өлеңдерін оқыды.
Алдыңғы ақпарат

Үйрек ата кесенесі, ІХ-Х ғғ.

Келесі ақпарат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МУЗЕЙ БАСШЫЛАРЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ