МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі Наурыз мерекесіне орай балаларға тәттілер таратты

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы Түркістан қаласындағы көмекші мектеп — интернатына барып, оқушыларға мерекелік тәттілер тарту етті.

Түбі бір түркі жұрты түгел тойлайтын әз Наурыз мерекесімен мектеп-интернат қызметкерлері мен оқушыларын құттықтаған «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы ұлық мерекені ерекше тойлау бойынша ұжым тарапынан тосынсыйлар дайындалғанын да жеткізді.

-«Бала – болашағымыздың тұтқасы, бала – мәңгілік бақытымыз. Ата-бабамыздан келе жатқан ұлы мереке — нағыз ұлылықтың символы. Жер-анамыз оянып, жер-әлем тіршілігін қайта бастаған кезең. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ұжымы Наурыз мерекесін тойлауды еліміздің ертеңі саналатын барша бүлдіршіндерді құттықтаудан бастап отыр. Бұл шара ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ұлық мерекені атап өтуге байланысты көтерген бастамалары негізінде тұңғыш рет жүзеге асуда»,-деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

Қыдыр ата кейпіне енген қария мекеме алдына дейін ақ түйемен келіп, кішкене бүлдіршіндердің бөлмелерін аралап, өлең-тақпақтарын тыңдай отырып, тәттілер салынған сыйлықтар үлестірді.

Айта кетсек, жуырда ғана ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ұлыстың ұлы күнін тойлауды жаңа үлгіде қалыптастыру жөнінде кеңінен бастама көтерген болатын. Арыстанбек Мұхамедиұлының «Ең әуелі Наурыз балдырғандарға арналуы керек. Наурызда біз бар мейірім-шапағатымызды балғын балапандарымызға арнағанымыз дұрыс. Жаңа жылға сәби неге үйір? Рождество несімен мықты? Аяз ата да, Санта-Клаус та ең әуелі баланың тілін табады. Бір ғана шырша сол күннің шырайын келтіріп, Жаңа жылдың идеологиялық нысанына айналып кетті» дегені белгілі.

Жылда ерекше сән-салтанатпен атап өтілетін мерекеге Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ұжымы жаңаша серпін беріп, биылғы жылға бірқатар жаңаша өзгерістер енгізіп отыр.

Алдыңғы ақпарат

Әбіш Кекілбаевтың повесі бойынша түсірілген фильм Ирандағы фестивальге қатысады

Келесі ақпарат

ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ