МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістандық ұстаздарға музей-қорық қызметкерлері «Ясауитану» клубы мен «Жас археолог», «Жас реставратор», «Жас экскурсовод» үйірмелерінің бағдарламасын таныстырды. Мектеп мұғалімдеріне үйірмелерді ұйымдастырудың тетіктерін түсіндіріп, жаңадан құрылып жатқан «Ясауитану» клубының маңызы туралы баяндалды.
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қоғам алдында арқалаған миссиясының ауқымы артуда. Солардың бірі жастардың арасында елдікті, ұлтжандылықты насихаттап, мәдени-ағартушылық, танымдық жұмыстар жүргізу.
« Ясауитану» клубы – қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын таныту және насихаттау арқылы жастарға рухани тәрбие беру және олардың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру мақсатында құрылған. Клуб қызметі үш бағыт бойынша ұйымдастырылады: 1.Білім беру; 2.Танымдық және шығармашылық шаралар; 3. Мәдени-ағартушылық шаралар.
Жастар арасында халқымыздың тарихын кеңінен насихаттай отырып, еліміздің тарихы мен руханиятына, мәдениеті мен дәстүріне деген сүйіспеншілікті арттыру, отансүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында мына үйірмелер ұйымдастырылады: «Жас археолог», «Жас реставратор», «Жас экскурсовод».
Алдағы уақытта аталмыш жобалар аясында мектеп ұстаздарымен бірлесіп жұмыс жасауға уағдаластық.
Алдыңғы ақпарат

«Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркістан» көшпелі көрмесі Қостанайда

Келесі ақпарат

«Музейдің мәдени-білім беру жұмысы: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті