МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы мен Мемлекеттік Эрмитаж арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2025 жылдың 11 қыркүйегі күні «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Ресейдің әлемге әйгілі «Мемлекеттік Эрмитаж» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесі арасында өзара ынтымақтастық туралы маңызды Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат қос тараптың мәдени, ғылыми және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестігін нығайтып, халықаралық байланысты жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

Меморандум аясында келесі бағыттар бойынша жан жақты жұмыстар жүзеге асырылады:

  • Ғалымдар мен мамандар арасында тағылымдама және тәжірибе алмасу арқылы біліктілікті арттыру;
  • Бірлескен ғылыми және мәдени-ағартушылық жобаларды әзірлеу мен іске асыру;
  • Мәдениет, тарих, өнер және музей ісі бойынша ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтау үшін консультациялар өткізу;
  • Ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен симпозиумдарды ұйымдастыру мен қатысу;
  • Ортақ ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыру, тарихи және музей ісі саласындағы материалдар мен жетістіктермен алмасу;
  • Іскерлік кездесулерді өткізу;
  • Ғылыми ақпарат, құжаттама, әдебиеттер мен библиографиялық басылымдармен алмасу.

Меморандумға қол қою 11-13 қыркүйекте Санкт-Петербургте өтіп жатқан XI Халықаралық Біріккен мәдениеттердің форумы аясында жүзеге асырылды. Бұл форумда әлем мәдениетінің өкілдері бас қосып, заманауи музей ісінің өзекті мәселелері мен жаңа мүмкіндіктерді талқылауда.

Н.Дукенбаев «Музей кеңістігінің өткір қырлары» атты сессияда баяндама жасап, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мысалында мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның баяндамасы мәдени ескерткіштердің қазіргі заман талаптарына сай сақталуы мен қайта жаңғыртылуы мәселелерінің өзектілігін көрсетті.

Бұл шара «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығының халықаралық деңгейдегі беделін тағы да дәлелдеп, Қазақстанның мәдени мұрасын әлемге кеңінен танытудағы маңызды қадам болды.

К.Есжанова, инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер.

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Келесі ақпарат

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА «ТҮРКІСТАН — МЫҢЖЫЛДЫҚТАР СӘУЛЕСІ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ