МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы мен «Қазан Кремлі» Мемлекеттік музей-қорығы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Республика күні мерекесі қарсаңында тағы бір маңызды халықаралық келісім жасалды. 2025 жылғы 22 қазан күні «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ресей Федерациясының «Қазан Кремлі» Мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемсурет музей-қорығымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім Қазақстан мен Ресейдің музей-қорықтары арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған. Тараптар тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерттеу және насихаттау саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және жаңа форматтағы көрмелер ұйымдастыруға ниетті.

Мұндай байланыстардың маңызы зор. Өйткені олар халықтар арасындағы өзара түсіністік пен мәдени байланысты тереңдетіп, ортақ тарихи мұраны жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халықаралық әріптестік музей ісін дамытуға, жаңа идеялар мен инновациялық тәсілдерді енгізуге жол ашады. Бұл өз кезегінде музей-қорығымыздың танымалдылығын арттырып, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейде танытуға ықпал етеді.

К.Есжанова, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

(«Қазақстан мен Орталық Азиядағы ислам және Йасауийаның мәдени тарихы» атты кітаптың кіріспесі. Проф. Девин ДиУис

Келесі ақпарат

«Түркістан. Мыңжылдықтар сәулесі» көрмесі Көкшетауда