Бүгін Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және қолдауымен Жібек жолы номинациясының құжаттамасын дайындау жөніндегі жұмыс тобы «Жібек жолы: Ферғана –Сырдария дәлізі» тақырыбында қатысушы елдердің
(Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) сарапшылары ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енген тарихи мұра объектілерінің жай-күйі туралы (сараптау, талқылау) бірлескен есепті дайындау үшін кеңес өткізуде.
12-13 қазан күндері жұмыс кеңесі қатысушыларының Түркістан, Қызылорда облыстарының тарихи мәдени обьектілерімен танысуы жоспарланған.