МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Әжелер мектебі» жобасы

Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды, өмірлік дағдыларды сақтау және ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды қайта жаңғыртып, жастардың санасына сіңіру  мақсатында «Әжелер мектебі» жобасы аясында «Өнерлі ұрпақ – өнегелі ұрпақ», «Әжелер ертегісі – ұлттық рухтың қайнары» тақырыптарында шеберлік сабақ ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты: өскелең ұрпаққа әжелердің өмірлік тәжірибесі мен білімін жастарға жеткізу,  ұлттық құндылықтарды, өмірлік дағдыларды сақтау және ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз, бен әдет-ғұрыптарымызды қайта жаңғыртып, жастардың санасына сіңіру.

Жобаның міндеттері: Әжелердің жастарға өмірлік тәжірибесін, дана кеңестерін жеткізу арқылы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту;
Ұлттық мәдениет, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жас ұрпаққа үйрету;
Әжелердің қоғамдағы рөлін нығайту, олардың өмірлік тәжірибесін бағалау;
Әжелер мен жастар арасындағы өзара түсіністік пен қолдау арқылы тұрақты қоғамдастық қалыптастыру.

Алдыңғы ақпарат

«Жадыңда қалсын жәдігер» байқауы

Келесі ақпарат

«Ойлан, тап!» экскурсиялық жоба