«Жас реставратор» үйірмесінің мақсаты:
Жастар арасында халқымыздың тарихын кеңінен насихаттай отырып, еліміздің тарихы мен руханиятына, мәдениеті мен дәстүріне деген сүйіспеншілікті арттыру, отансүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеу.
«Жас реставратор» үйірмесінің міндеттері:
- Үйірме жұмысының негізгі міндеті реставрация саласында оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру;
- Үйірме қатысушылары арасында реставрация және консервация ғылымына деген қызығушылығын туғызу болып табылады.
«Жас реставратор» шығармашылық үйірмесі — тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен қалпына келтіру ісіне қызығушылық танытатын мектеп оқушыларына арналған жоба. Үйірме барысында оқушылар реставрацияның негізгі ұғымдарымен, әдіс-тәсілдерімен және сақталу ережелерімен танысады. Сабақтарда балалар музейлік заттардың құрылымы мен материалдық ерекшеліктерін зерттеп, олардың бүліну себептері мен қалпына келтіру жолдарын тәжірибе арқылы меңгереді. Арнайы жаттығулар арқылы гипс, саз, ағаш, бояу секілді материалдармен жұмыс жасап, бұзылған немесе жартылай бүлінген бұйымдарды қайта қалпына келтірудің бастапқы кезеңдерін үйренеді. Үйірме шығармашылық, дәлдік пен ұқыптылықты талап ететін жұмыстар арқылы оқушылардың шыдамдылығы мен жауапкершілігін арттырады. Бағдарлама соңында қатысушылар музейлік бұйымдардың үлгілерін қайта жасап, шағын көрме ұйымдастырады. Бұл үйірме жас ұрпаққа тарихи жәдігерлерді сақтау мәдениетін үйретіп, эстетикалық талғамын дамытады.








