МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ЖАС ЭКСКУРСОВОД» ЖӘНЕ «ЖАС АРХЕОЛОГ» ҮЙІРМЕЛЕРІНІҢ БІРЛЕСКЕН ТАНЫМДЫҚ САБАҒЫ ӨТТІ

🔹 «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында «Музей педагогикасы» бөлімінің ұйымдастыруымен қос үйірме қатысушыларына арналған кезекті танымдық сабақ ұйымдастырылды. Бұл жолғы іс-шара жасөспірімдердің тарихи көзқарасын кеңейтіп, музей кеңістігін жан-жақты ашуға бағытталды.

🔹 Жиынды музей-қорықтың Ғылыми зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А. Тұрсынов жүргізіп, тыңдаушыларға «Түркістан жазирасы: әлімсақтан бүгінге дейін» атты мазмұнды дәріс оқыды. Дәріс барысында балалар өңірдің көне дәуірден бүгінгі мезетті қамтыған тарихи даму жолы, мәдени трансформациясы және өзіндік ерекшеліктерімен танысты.

🔹 Теориялық бөлімнен соң үйірме мүшелері практикалық тапсырмалар орындап, меңгерген білімдерін бекітуге мүмкіндік алды. Сабақ соңында қатысушылар музей-қорыққа арналған арнайы әзірленген «Монополия» танымдық ойынын ойнады. Интерактивті ойын барысында жасөспірімдер музей нысандарының мәнін, тарихи ескерткіштердің маңызын және олардың өзара сабақтастығын ойлау арқылы зерделеді.

🔹 Біріккен сабақ жас экскурсоводтардың ақпаратты жүйелі жеткізу, талдау және логикалық ойлау дағдыларын дамытса, жас археологтарға тарихи деректерді кешенді қарастыруға жол ашты. Осындай танымдық кездесулер өскелең ұрпақтың ғылыми дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық мұраға деген қызығушылығы мен құрметін арттыра түседі.

Ә.Орынбекова, ғылыми қызметкер
Д. Құрманбай, әдіскер

 

Алдыңғы ақпарат

Сыр елінде «Түркістан – мыңжылдықтар сәулесі» көрмесі көрерменге жол тартты

Келесі ақпарат

Білім ордасында тарихи көрме ұйымдастырылды