МАҢЫЗДЫ :

nothing found

“Жарқ етіп жанып өткен жарық жұлдыз”

Биыл қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында айтулы ақын, дарынды жазушы, публицист әрі журналистика саласының майталман маманы атана білген Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толды. Осы орайда жыл басынан бері Түркістан өңірінде көптеген мәдени-танымдық іс-шара өткізіліп, Саттар мұралары дәріптеліп келеді.
Осындай іс-шараның бірі — Түркістан қаласындағы №14 Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебінде өтті.
Аталған мектеп оқушылары мен ұстаздарына “Жарқ етіп жанып өткен жарық жұлдыз” тақырыбында ұсынылған көрмені «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен қаладағы облыстық С.Ерубаев атындағы мемориалдық музей қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды.
 Көрменің мақсаты — Саттар Ерубаев шығармашылығын дәріптеу, оның қазақ руханиятына қосқан үлесін насихаттау және шығармаларының бүгінгі күндегі маңыздылығын айқындау.
 Қазақ елі, қазақ мемлекеті, қазақ әдебиеті үшін С.Ерубаевтың жөні бөлек дара тұлға. Оның «Менің құрдастарым» романы қазақ әдебиетіндегі нағыз жаңашылдықтың үлгісі болды. Әдебиетіміздің жарық жұлдыздары дегенде ең алдыңғы қатарда тұратын да С.Ерубаев, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Саттар қашан да дара тұрған, көптеген ерекшелігімен қайталанбайтын тұлға.
 Көрмеге ақынның бала және жастық шағы кездегі фотосуреттері арнайы дайындалған оннан аса ірі планшеттерге шығарылып, витриналарға С.Ерубаев мемориалды музей қорындағы еңбектері, яғни кітаптары қойылды.
 Көрме жыл соңына дейін С.Ерубаев атындағы музей залына қойылып, жалғасын табады деп күтілуде.
Т.Оразов, “Әзірет Сұлтан” музей-қорығының ғылыми қызметкері.
Алдыңғы ақпарат

КЛУБТЫҢ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі ақпарат

ӘМІР ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ҚҰНДЫ МҰРАЛАРЫ