Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК экскурсоводтары арасында өткен «Үздік экскурсовод – 2020» байқауының жеңімпаздары анықталды.
Байқау жеңімпаздарын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков марапаттады.
Төрт кезең бойынша өткен сайыста бірінші орынға Әсем Орынбекова лайық деп танылса, екінші орынды Гаухар Жүзбаева, үшінші орынды Салтанат Ералиева иемденді.
Байқаудың мақсаты — еліміздегі туризм мен экскурсия қызметін кеңінен насихаттау және музейдің ағартушылық жұмыстарын жандандыру, экскурсиялық қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру, музей ісінінің беделін арттыру.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Экскурсия және насихат бөлімінде 10 экскурсовод қызмет атқарады. Аталған қызметкерлер қорық-музейге келушілерге алты тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб тілдерінде экскурсиямен қамтамасыз етіп, насихат жұмыстарын жүргізеді.