МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Өзбекстандық академиктердің «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығына ресми сапары

Бүгін Халықаралық әдебиет, өнер, мәдениет және әлеуметтік ғылымдар академиясының (Өзбекстан Республикасы) академиктері, атап айтқанда Академия Президенті Абдулла Менгкобилов, Вице-президенттері Нурали Халмуратович Кабулов, Сайфиддин Рафиддинов және Абдуманноп Зияев жұмыс сапарымен келді.

Сапар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасаудан басталып, әрі қарай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімімен жалғасты.

Меморандумның мақсаты — әдебиет, өнер, мәдениет және әлеуметтік ғылымдар салаларында ғылыми және мәдени байланыстарды нығайту.

Аталған құжат аясында келесі бағыттар жүзеге асырылатын болады:

  • Бірлескен ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
  • Әдебиет, өнер, мәдениет және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыттарын айқындау;
  • Ортақ ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен симпозиумдар өткізу және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастыру және т.б.

Бұл кездесу екі ел арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастайды.

К.Есжанова, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

ҚАБІРХАНА ЕСІГІ

Келесі ақпарат

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ