Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсімі басталар алдында мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі мазмұнын ашуға арналған «Ұлы дала мұрасы» атты көрмені аралады.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорындағы еліміздің ежелгі өнер туындылары, соның ішінде Есік қаласынан табылған алтын адам, Берел қорғандарынан табылған аттар мен ат әбзелдерінің қалпына келтірілген нұсқалары, «Тақсай Ханшайымы», «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бірегей экспонаттары қойылған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке және өзбек халқына жылы қарсы алып, қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.