МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Өзбекәлі Жәнібеков – зерттеуші ғалым»

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Кітапхана бөлмесінде даламыздың дара перзенті, ұлтымыздың ғылымы мен мәдениетіне сүбелі үлес қосқан арда тұлға – Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 94 жыл толуына орай, «Өзбекәлі Жәнібеков – зерттеуші ғалым» тақырыптық көрмесі ашылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ғалымның санқырлы тұлғалық болмысын дәріптеу, оның терең әрі тың зерттеушілік еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету және музей қорындағы құнды жәдігерлерді көпшілік назарына ұсыну болды.

Көрмеде:

  • Өзбекәлі Жәнібековтің кеңседе қолданған жеке заттары;
  • Ғылыми еңбектері мен қолжазбалары;
  • Жарық көрген мақалалары, кітаптар мен басылымдар;
  • Жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер мен сирек құжаттар қойылды.

Шараға қалалық әкімдік өкілдері мен жергілікті музей басшылары,«Фараб» қалалық кітапханасы қызметкерлері, Түркістан қаласының әжелер қауымы, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шара аясында Ясауитану ғылыми орталығының ғылыми қызметкері Динара Берікқызы құрастырған «Арда туған Өзағаң» атты Өзбекәлі Жәнібеков туралы естеліктер жинағы музей кітапханасына табысталды.

Өзбекәлі Жәнібеков – тек зерттеуші ғалым ғана емес, ұлт руханиятының шамшырағы, мәдениетіміздің қайталанбас қайраткері. Оның мол ғылыми мұрасы мен еңбектері ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

Т.Бердібек, мәдени іс-шара ұйымдастырушы.

Алдыңғы ақпарат

«Өзбекәлі Жәнібеков – зерттеуші ғалым»

Келесі ақпарат

Ұлттық киімдегі салт пен сана: шапан мен шекпен