МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Қызметкерлеріміз халықаралық симпозиумға қатысты

Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақтау қаласында өткен «Ақтау — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған IV «Тас ескерткіштері – түркі әлемінің ортақ мұрасы» тақырыбындағы музей қызметкерлерінің халықаралық симпозиумы болып өтті.

Аталған симпозиумға “Әзірет Сұлтан” Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ғылыми зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері С.Т.Шаметов «Музей педагогикасы қызметінің формалары және оны классификациялау» тақырыбында, «Ясауитану» ғылыми орталығының ғылыми хатшысы Г.Ж.Примкулова «Мәдени мұра және оны қорғау мен құқықтық реттеу көздері» тақырыбында баяндама жасады. Онда музейге келушілерге көрсетілетін педагогикалық қызметтердің әдіс-тәсілдері мен формалары және жұмыстарды топтастыру сынды өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылған. Баяндамада көтерілген мәселелердің ғылыми негізі ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланды.

С.Шаметов, ғылыми қызметкер.

Алдыңғы ақпарат

«ТҮРКІСТАН. МЫҢЖЫЛДЫҚТАР СӘУЛЕСІ» атты көшпелі көрме

Келесі ақпарат

(«Қазақстан мен Орталық Азиядағы ислам және Йасауийаның мәдени тарихы» атты кітаптың кіріспесі. Проф. Девин ДиУис