Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын» негізге ала отырып, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК қызметшілерін аттестаттаудан өткізді. Аттестаттау бірнеше кезеңдерді қамтып, дайындық, тестілеу өткізу, әңгімелесу, комиссия шешімін шығару жұмыстары атқарылды.
Аттестаттау комиссиясы музей-қорықтың аттестататтауға қатысқан барлық қызметшілеріне «атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді» деген шешім қабылдады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірі хаттамаға қоса тіркелді.