Моллақанағатұлы Сайпулла
Ясауитану ғылыми орталығының басшысы
Ясауитану ғылыми орталығының басшысы Моллақанағатұлы Сайпулла 2008-2010 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Дінтану» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген, 2018-2021 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Түркология» мамандығы бойынша PhD докторы.
2003 – 2006 жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ясавиведение ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, 2008 – 2010 жж. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы, аға ғылыми қызметкері, 2022 – 2023 жж. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің магистр-оқытушысы, 2021 – 2023 жж. Ясауитану ғылыми-зерттеу институты, аға ғылыми қызметкері, 2023 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Қазақстан тарихы және әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы, 2023-2025 жж. Х.Б. Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы институтының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарды.
2025 ж. «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы базасында Ясауитану ғылыми орталығының басшысы қызметіне тағайындалды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі эпиграфиясы, Қожа Ахмет Ясауи хикметтері мен Иасауитану мәселелері, Руханият және діни этикалық мәселелеріне арналған көптеген ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.
Ясауитану ғылыми орталығы ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының базасында құрылды. Негізгі мақсатымыз – Қожа Ахмет Ясауидің бай мұрасын жан-жақты зерттеу, оның философиялық, тарихи, мәдени және әдеби қырларын зерделеп, заманауи ғылыммен сабақтастыру. Сонымен қатар, Ясауи мұрасын әлемдік ғылыми айналымға енгізу.
Орталық құрамында – орталық басшысы, ғылыми хатшы, 1 бас ғылыми қызметкер, 3 аға ғылыми қызметкер, 7 ғылыми қызметкер, 2 кіші ғылыми қызметкер, 2 лаборант-зерттеуші, кітапханашы, бағдарламашы, аудармашы және архивист жұмыс істейді. Барлығы 21 қызметкер бар. Олардың арасында белгілі ясауитанушы ғалымдар профессор Аширбек Муминов, Зікірия Жандарбек, профессор Мұқтар Қожа, Тұяқбаев Өмір, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гаухар Примкулова, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әлия Белдібекова, Иран тарихын зерттеуші Ұлықбек Жүнісбаев, ғылыми қызметкерлер Нұржан Парпиев, Кунсулу Асетова, Алибек Журхабаев, Шыңғыс Жүнісбаев, Динара Сазанова, Сұлтан Байсеит, Жәмила Қожахмет, архивист Асылзат Сәрсенбай, лаборант-зерттеушілер Райхан Абдурахманова, Нұрдәулет Мамырәлі, бағдарламашы Дарын Дархан, кітапханашы Гулбану Манашева, аудармашы Гүлназ Саттарова.
Орталықтың мақсаттары мен міндеттері
- Қожа Ахмет Ясауи ілімін кешенді зерттеу және оның ғылыми негізделген тұжырымдарын әзірлеу.
- Ясауи хикметтерін тарихи, әдеби, философиялық және діни тұрғыдан кешенді түрде зерделеу.
- Түркі-ислам өркениетіндегі Ясауи ілімінің рөлін анықтау және оның қазіргі заманға ықпалын талдау.
- Ясауи мұрасына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптардың ғылыми сипаттамасын дайындау және оларды зерттеу нысанына айналдыру.
- Ясауи мұрасына қатысты архив материалдарын жинақтау, жүйелеу және ғылыми айналымға енгізу.
- Отандық және шетелдік ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнату, бірлескен ғылыми-зерттеу ізденістер мен жобалар жүргізу.
- Зерттеу нәтижелерін ғылыми мақалалар, монографиялар, жинақтар түрінде зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялау.
- Ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және көрмелер ұйымдастыру, зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен таныстырып отыру.
- Жас зерттеушілерді тарту, студенттер мен магистранттарға арналған ғылыми-танымдық курстар жүргізу.
Ясауитану ғылыми орталығының негізгі бағыттары:
- Ғылыми зерттеулерді жүйелеу – Ясауи мұрасына қатысты түпнұсқа деректерді жинақтау, жүйелеу және оларды ғылыми айналымға енгізу.
- Жас ғалымдарды тарту – ясауитануға қызығушылық танытқан зерттеушілерге қолдау көрсету, арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру.
- Тарихи және мәдени байланыстарды зерттеу – түркі және ислам әлеміндегі Ясауи дәстүрінің ықпалын терең талдау.
- Халықаралық ынтымақтастықты нығайту – шетелдік ғалымдармен бірлескен зерттеулер жүргізу, Ясауи мұрасын әлемдік деңгейде насихаттау.
- Цифрландыру және заманауи технологияларды қолдану – Ясауи мұрасын цифрлық форматқа көшіру, мәтіндерді сандық өңдеу және оларды заманауи ақпараттық технологиялар арқылы көпшілікке тарату.
- email: yasawicenter@gmail.com
- Тел: 8 771 166 92 59