МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ясауитану» байқауының Шымкент қалалық іріктеу кезеңі өтті

Бүгін Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану» байқауының Шымкент қалалық іріктеу кезеңі болып өтті.
Қала мектептерінен 90 оқушы қатысқан білім жарысында үздік шыққан 5 оқушы, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен, Түркістан қаласында өтетін Республикалық «Ясауитану-2024» байқауына жолдама алды. Олар: Сейдулла Жақсыбек, Нұрманбек Кәусар, Шамшат Әділет, Рахман Кәусар, Аздар Ерасыл.
Бес адамнан құралған қазылар алқасына «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының ғылыми қызметкері, мәтінтанушы маман Жүнісбаев Ұлықбек төрағалық етті.
Алдыңғы ақпарат

КӨНЕ САУРАН ҚАЛАСЫ

Келесі ақпарат

ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ