МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ясауитану – 2025» байқауының Шымкент қалалық іріктеу кезеңі өтті

Кеше, 31 наурыз күні Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «1 Talant жалпы білім беру мектебі» ЖШС базасында «Ясауитану-2025» республикалық байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті.
Байқауға қаладағы 49 білім беру ұйымынан 49 оқушы қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Жас зерттеушілер Қожа Ахмет Ясауи мұрасын терең түсініп, өздерінің ғылыми және шығармашылық ізденістерін көрсетті. Нәтижесінде республикалық кезеңге жолдама алған 5 қатысушы анықталды.
Қазылар шешімімен бас жүлде – №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының оқушысы Ағабек Нұртілеуге,

I орын – №62 ЖОББМ оқушысы Шильтерханова Адияға
II орын – “Intellect” физика-математикалық мектеп-лицейінің оқушысы Нұрманбек Каусарға,
II орын – №118 Көкбұлақ ЖОББМ оқушысы Сенхан Қазынаға,
II орын – №100 Жұлдыз ЖОББМ оқушысы Сейдулла Жақсыбекке берілді.

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы, Ясауитану ғылыми орталығының ғылыми қызметкері ретінде осы байқаудың әділқазылар құрамында болу мен үшін үлкен мәртебе болды. Ясауитанудың болашақ зерттеушілерінің тың көзқарастары мен ізденістері қуантады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Республикалық кезеңде сәттілік тілеймін. Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеуге деген құлшыныстарыңыз бен ізденістеріңіз жемісті болсын.

Жүнісбаев Ұлықбек,
“Әзірет Сұлтан” Ұлттық музей-қорығы,
Ясауитану ғылыми орталығының ғылыми қызметкері.

Алдыңғы ақпарат

МҰРАЖАЙ ҚОРЫНДАҒЫ ҚҰНДЫ КІТАП «ШАРХУЛ МУХТАСАРИЛ УИҚАЯ»

Келесі ақпарат

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ МАҢЫНДАҒЫ ҮЛКЕН «ҚЫЛУЕТ» ЖЕРАСТЫ МЕШІТІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ