МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ЯСАУИТАНУ-2024» байқауының іріктеу кезеңі

2024 жылдың 20 ақпан күні Түркістан қаласы Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінде «Ясауитану-2024» байқауының қалалық іріктеу кезеңі болып өтті. Қалалық іріктеу сынына 29 мектептен жалпы саны 59 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқаудың негізгі мақсаты – Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың рухани мұраларын, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығындағы тарихи ескерткіштерді, музей қорында сақталған көне жәдігерлерді насихаттау және кесенеде жерленген тарихи тұлғаларды (хан, би, батырлар) таныту.
Екі кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы кезеңінде оқушылар хикметті жатқа айтудан жарысып, олардың зейін мен зерде қабілеттері сыналды. Екінші кезеңде Қожа Ахмет Ясауидің өмірі, мұрасы, кесененің және ондағы жәдігерлердің тағылымдық мәні мен маңызы туралы білімдері сарапқа салынып, оқушылардың ойлау деңгейі мен хикметтердегі ұғымдарды қаншалықты түсінетіндігі айқындалды.
Хикмет сайысында ерекше дарынымен көзге түсіп, дара озып шыққан 5 оқушы Республикалық байқауға жолдама алды.
Тартысты өткен байқауда бірінші орынды 55 балл жинаған М. Әбенова жалпы орта мектебінің оқушысы Қасым Несібелі мен №18 жалпы орта мектептің оқушысы Оразбек Хантемір иеленсе, екінші орынды 51 балл жинаған Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектептің оқушысы Ертай Шұғыла мен 50 балл жинаған №18 жалпы орта мектептің оқушысы Әмзехан Назерке және үшінші орынды 49 балл жинаған тағы да №18 жалпы орта мектептің оқушысы Амантай Бақдәулет иеленді.
Алдыңғы ақпарат

21 ақпан — Халықаралық экскурсоводтар күні

Келесі ақпарат

КӨНЕ САУРАН ҚАЛАСЫ