МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ясауитану-2023» байқауы мәреге жетті

«Хикметімді оқыса егер пенде-кім? –
Перзентім де, шәкіртім де сол менің» дейді Қожа Ахмет Ясауи бабамыз. Хикметтерді оқып қана қоймай, жаттап алған Ұлы Бабамыздың Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған перзентері мен шәкірттері бүгін қасиетті Түркістан төрінде бас қосты.
Байқауды ұйымдастырған «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры Мәулен Садықбеков төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында алаштың Айт-Маны — ақын Светқали Нұржан, т.ғ.д., профессор Мұхтар Қожа, ф.ғ.к. Болат Қорғанбеков, т.ғ.к. Мұрат Тастанбековтер болды.
Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары мен Республикамыздың 13 облысынан іріктеліп келген 73 оқушы әуелі хикметтерді жатқа айтудан жарысып, бақ сынады. Бұл кезеңде жақсы нәтиже көрсеткен 35 оқушы арнайы дайындалған сұрақтар бойынша білім сайысына түсті. Екі кезең қорытындысымен байқау жеңімпаздары анықталды.
Сонымен «Ясауитану-2023» байқауының бас жүлдесін 121 балл жинаған Айтқұлов Досхан (Жамбыл облысы) жеңіп алды. 1 орынды Жетісу облысынан келген Төлепбекқызы Айдана иеленді. 2 орынға Ақтөбе, Атырау облыстарынан келген Байымбет Әсел мен Дүйсен Асылай ие болды. Ал 3 орын алғандар үшеу. Олар: ақтөбелік Қауысова Жансая,
жетісулық Қуатқызы Зере және Түркістан қаласынан қатысқан Дүйсенбек Бақытжан.
10 оқушыға ынталандыру сыйлығы берілді. Атап айтқанда: Алматы облысы — Алаудин Сая, Шымкент қ. — Рахман Кәусар, Түркістан облысы — Насырхан Ғазиза, Қостанай облысы — Адебова Нурсила, Алматы облысы — Өмекбай Жанайым, Қызылорда облысы — Алтынбайқызы Мөлдір, Сағынтай Гүлжайна, Ақтөбе облысы — Сәрсенбекұлы Амир, Жамбыл облысы — Мырзатай Жанна, Шымкент қ. — Арыспаев Нурасыл.
Ал Түркістан облысының оқушысы Орынбасар Балнұр «Көрермен көзайымы» жүлдесін иеленді.
Алдыңғы ақпарат

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов келіп, бабалар рухына тағзым етті

Келесі ақпарат

15 СӘУІР — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ КҮНІ