«Ясауи зерттеулері» – Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мəдени музей-қорығы шығаратын ғылыми-көпшілік журнал. Басылымда Қожа Ахмет Ясауи мұрасы, Түркістан өңірінің тарихы, мәдениеті мен руханиятына қатысты тың зерттеулер мен танымдық мақалалар жарияланады. Журнал ғалымдар мен кең оқырман қауымға арналған.








