2016 жылдың қазан айынан бастап «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жанынан «ЯСАУИ МҰРАСЫ» атты республикалық мәдени-танымдық жаңа газет өз оқырмандарына жол тартты. Алғашқы таралымы 2000 данамен жарық көрген газет «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында көпшілік қауымның назарына ұсынылды.
200 мыңдай тұрғыны бар Түркістан аумағындағы 180-ге жуық мәдени-архитектуралық, зайырлы-діни орындар, 24 мың жәдігер бұл күнде қорық музей есебінде. Өлкенің өткенінен құлағдар етіп, халқымыздың салт-дәстүрінен, әдет ғұрпынан, тамыры терең тарихынан сыр суыртпақтайтын мұндай газет қалың оқырманның сұранысын қанағаттандырары сөзсіз.