Қасиетті мекен Исфиджабта, яғни қазіргі Сайрам қаласында дүниеге келген Ұлы бабамыз Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі Алла тағаланың адам баласына жіберген соңғы пайғамбары (с.ғ.с) немере інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әліге барып тіреледі. Қазір біздің қолымызда Қожа Ахмет Ясауидің туған бауыры Садыр шайықтың немересі әрі Ясауидің ізбасары Маулана Сайфуддин Орын Қойлақының ХІІ ғасырдың бірінші ширегінде жазған «Насабнама» атты көне шежіресінің көшірмесі бар. Ондағы деректерге қарағанда Ясауидің арғы атасы Ысқақ баб Мұхаммед Пайғамбарымыздың күйеу баласы әрі немере інісі Әзіреті Әлі Шерінің Мұхаммед Ханафия атты баласының бесінші ұрпағы. Әбді-ар-рахим және Әбді-әл-жалилмен бірге бұл өңірге Ислам дінін таратушы араб әскерімен осы жердегі жергілікті халықтарға мұсылмандықты қабылдату үшін келіп, осы Оңтүстік Қазақстан төңірегінде қалып қойған.
Түркістан жеткен көнеден,
Түріктің титтей тұмары.
Төлеген жазған көп өлең
Тарқамай саған құмары.
Аузына жұртты қаратқан,
Арнасы ғұнның Түркістан;
Арабтар келіп таратқан,
Ордасы діннің Түркістан! – деген Төлеген Айбергеновтың өлең жолдары Түркістан өлкесіне дінді ақиқатында Қожа Ахмет Ясауидің бабалары келіп таратқандығына айғақ болып тұрғанын көруге болады. Әзіреті Әлі мен анамыз Ханафияның ұлы Мұхаммед Ханафиядан тараған әулет өкілі, Ысқақ бабтан бастау генеалогиялық тізбегін ажыратып таратқанда Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамызға дейін одан кейінгі ұрпақтар төмендегіше тізбеленеді:
Ысхақ баб
Харун шайық————-Мумин шайық
Мұса шайық ————-Ысмайыл шайық
Хасан шайық ————Осман шайық
Омар шайық ————-Мұхаммед шайық
Ифтихар шайық ———Ибрахим шайық
Қожа Ахмед Ясауи———Садыр шайық
Абд ал-Мәлік—————Данышманд қожа
Абд ал Али——Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақы
Бақсайыс қожалар Аққорғандық қожалар тарайды. Сан ғасыр бойы Ұлы Дала елін имандылыққа, әдеп пен ибаға тәрбиелеген, салт дәстүрі біте қайнасып кеткен мұсылман жаршыларын біле жүргеннің еш сөкеттігі жоқ.