Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне Әмір Темір сыйға тартқан жәдігерлердің бірі — шашақты тудың басы (лауха). Қоладан құйылған жәдігердің биіктігі- 96,7 см, салмағы — 5 кг. Тудың сабы ағаштан жасалған. Жалпы ұзындығы 8 метрден асады. Лауха ортасында өсімдік тектес оюмен өрнектелген жазулары бар. Жәдігер негізгі жапырақ формасындағы жалпақ бөліктен және сығылған шарға ұқсас екі белбеуі бар конус тәріздес төменгі бөліктен құралған.
Лауханың «А» бетінде «Бір Алладан басқа Құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін! Йә,Алла!»
«Алла!» және «Әбубәкір Сыдық. Омар Фаруқ»
Лауханың келесі бетінде «Бір Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі. Барлық хәлде Аллаға мадақ!»,, «Алла!», «Бұл әлемдегі шайхтардың басшысы, Хазрат Хақтың [Алла Тағаланың] досы, `Адам [Әзірет Әліден тараған ұрпақ], Шайх Ахмет Ясауидің ханақасының туы», «Мұхаммед, Әли Алланың берген нығметі!» деген жазулар бар.