Кәсіпорында дайындаған бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, тәртібінің, стандарттар мен өзге құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ қажет болған жағдайларда осы құжаттарды дайындауға қатысады;
Ұйымға келіп түсетін заңнамалық және нормативтік актілердің, сондай-ақ басшысы шығаратын актілердің жүйелендірілген есебін, сақталуын ұйымдастырады, кодификациялануын қамтамасыз етеді, қазіргі заманғы технологияларды, есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдарын қолдану негізінде оларға пайдаланушылардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
Келетін және жөнелтілетін хат-хабардың уақтылы өңделуін, оның тиісті жеткізілуін қамтамасыз етеді;
Бөлімшелердегі іс жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылықты, істердің дұрыс құрастырылуына, сақталуына және архивке уақтылы тапсырылуына бақылауды, құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуы туралы анықтамаларды дайындауды жүзеге асырады;
Ағымдағы іс жүргізу құжаттарын, оның ішінде істерді құрастыру және оларды сақтауға тапсыру бойынша басшылықты, бұйрықтарды және өкімдерді тіркеу, есебін жүргізу, сақтау және тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
конкурстық құжаттарды дайындауға жұмсалатын шығынды айқындауға, әлеуетті өнім берушілер туралы ақпаратты іздеуге өтінім беруге қатысады мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;
еңбек заңнамасына, ұйым басшысының актілеріне сәйкес жұмыскерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, жеке құрамның есебін жүргізуді, жұмыскерлердің қазіргі және өткен еңбек қызметі туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшаларын сақтау мен толтыруды және кадрлар жөніндегі белгіленген құжаттаманы жүргізуді, сондай-ақ персоналды ынталандыруға және марапаттауға ұсынуға арналған материалдарды дайындауды ұйымдастырады;
табельдік есеп жүргізуді, демалыс кестелерін жасауды және орындауды, кәсіпорын бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртібінің тәртібін сақтауын бақылауды, кадрлардың тұрақтамауын талдауды ұйымдастырады, еңбек тәртібін нығайту, кадрлардың тұрақтамауын, жұмыс уақытының шығынын төмендету жөнінде іс-шаралар әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
ұйым архивіне іс жүргізумен аяқталған құжаттамалық материалдарды, тіркеу картотекасын немесе компьютерлік мәліметтер банкін даярлайды және тапсырады және сақтау үшін архивке берілетін істердің тізімін дайындайды;
ұйымда шартпен келісілген жұмысты жүргізеді: шарттық қатынастардың нысандарын айқындайды, шарттар жобаларын әзірлейді, ұйымға контрагенттер ұсынатын шарттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексереді, шарттар жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдайды, шарттардың жекелеген түрлерінің нотариалды куәландырылуын және (немесе) мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етеді;
ұйымға қойылған талаптар бойынша талап өтініштері көшірмелерін зерттейді, талап жұмысы бойынша деректер банкін жүргізуді қамтамасыз етеді;
сотта ұйым мүддесін білдіреді;
ұйым қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензиялар, рұқсаттар алу үшін өтінімдерді, өтініштер мен басқа да құжаттарды дайындайды;
ұйымда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік қадағалау органдарында ұйым атынан өкілдік етеді, мемлекеттік қадағалау органдарының лауазымды адамдарының әрекеттеріне, ұйымға заңсыз салынған әкімшілік жазаларға шағымдар дайындайды және жолдайды;
Музейдің, музей-қорықтың негізгі есеп құжаттамасын рәсімдеуді, жүргізуді, сақтауды, есепке алуды, сақтандыру көшірмелерін жасауды жүзеге асырады;
жаңадан түскен музей заттары мен музей коллекцияларын тіркеуді қамтамасыз етеді;
қабылдап алу мен тұрақты және уақытша пайдалануға беру актілерін, ішкімузейлік актілерді және актілерді тіркеу кітаптарын рәсімдеуді жүзеге асырады;
музей заттарын сақтау қоры жөніндегі инвентарлық кітаптарда, арнайы инвентарлық кітаптарда, мұрағаттық тізімдемеде (инвентарлық кітап құқығымен) тіркеу мерзімін қадағалайды;
музейдің, музей-қорықтың электрондық мәліметтер қорының тиісті бөлімдерін жүргізеді;
музей заттарының бар-жоғын салыстырып тексеруге қатысады.