Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қазақстандықтар үшін туристік кешбэк енгізуді ұсынды. Аталмыш бастама туралы ол министрліктің туризм мәселелеріне арналған кеңейтілген алқа отырысында хабарлады. Министр енгізуді жоспарлап отырған бағдарлама жолдамалар ресми туристік агенттіктерден демалу үшін аз белсенді маусым кезінде сатып алынған жағдайда азаматтарға тур құнының 20%-на дейін қайтаруға мүмкіндік береді. Мысалы, жаңа бағыттарға (Абай, Ұлытау облыстары) шығындар сомасының 20% қайтарылатын болса, Алматы, Бурабай сияқты танымал бағыттарға кешбэк 10% құрайтын болады.
«Біз аталған бағдарламаның барлық тетігін толық және сапалы пысықтау үшін жұмысты қолға аламыз. Кешбэк – ішкі туризмді тартымды етудің жаңа құралы. Сұранысты арттыра отырып, отандық туристік операторларға да қолдау көрсетеміз. Министрлік туристік кешбэк енгізу мәселесін қарауды жеделдетуі керек деп санаймын», — деп атап өтті Асхат Оралов.