МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» көрмесі ашылды

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Түркістан қаласындағы №20 жалпы орта мектепте «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» тақырыбында офлайн форматта көрме өткізді.

-«Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.
Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 000 атылды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс. Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді. Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті, ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек»,-деп атап өткен болатын»,- деді қорық-музейдің ғылыми қызметкері Динара Арынова.

Көрме экспозициясына 30-дан аса жәдігер қойылып, келушілер назарына ұсынылды.

Алдыңғы ақпарат

«ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Келесі ақпарат

Миғраж түні