МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Тарих апталығында көрме ұйымдастырылды

Қазір барлық мектептерде дәстүрлі тарих апталығы өтіп жатыр. Осыған орай мектеп басшыларының сұраныстарымен бірқатар білім ошақтарында «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы «Қасиетті Түркістан» атты көрме ұйымдастырған болатын. Дәл сондай тарихи-мәдени шара бүгін, 8 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы №1 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында болып өтті.
Көрмеге 100-ден аса оқушылар мен ұстаздар қатысты.
Қожа Ахмет Ясауидің және оның ізбасраларының қолжазба кітаптары, Әмір Темірдің кесенеге сыйға тартқан ортағасырлық ХІV ғасырдың құнды жәдігерлері — лауха, есіктер, тайқазанның көшірмелері, музей қорындағы этнографиялық бұйымдар мен жиһанкез А.Кунның 1871-1872 жж. түсірілген «Түркістан альбомында» жарық көрген шаһардың, киелі кесененің бірегей фотосуреттері көрмеге келушілердің назарына ұсынылды. Қалалық адами әлеуетті дамтыу бөлімі бастаған, қаладағы әр мектептен келген тарих пәнінің мұғалімдері мен оқушыларына музей-қорықтың кіші ғылыми қызметкерлері Т.Оразов пен С.Байсеит көрменің экскурсиясын жүргізді.
Оқушылар және мұғалімдер Ахмет Ясауи бабамыз бен оның кесенесі, өмірбаянына қатысты құнды ақпараттар алып, өздерінің алғыстарын білдірді.
Алдыңғы ақпарат

Болгариядан келген әнші Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалистер байқауының жеңімпазы атанды

Келесі ақпарат

«ТАҢБАЛЫ» ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕДІ