МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ТАРИҚАТ НАМАЗЫ, ОРАЗАСЫ ЖӘНЕ ЗЕКЕТІ

«Бустан ул-мухиббиннен» үзінді
Білің, ей, достар! «Раузатта» тариқат намазының ниеті мына жолдан тұрады дейді: Оң жағында бейішті, сол жағында тозақты, арқасында Әзрейіл ғ.с-ді, аяғының астында сырат көпірін, алдында қабірді, басының үстінде мизан таразысын, бұлардың барлығын даяр білсін. Құранды қирағат қылғанда Алланың алдында амал дәптерін оқып тұрғандай білсін. Арасатта заһир (көзге көрінетін) қыбласы – қағба бағыт, батин (көңіл) қыбласы – Ахаду Самадият (Алланың Жалғыз, Мұқтажсыз деген сипаттары) деп білсін. Азан шақырғанды — бірінші сүр үрленген тәрізді, тәкбір айтқанды — екінші сүр үрленген тәрізді, ал намазда екі жаққа сәлем бергенді — Алла тағала: «Бір тобы жаннатта, бір тобы тозақта болады» (42:7) дегеніндей халайықтың екі жаққа айрылғаны тәрізді білсін.
Біліңдер, ей, достар! Тариқат оразасы ол дүр ағзасын харамнан және бос әурешіліктерден, менмендік, көре алмастық, сараңдық сықылды зұлымдық әрекеттерден сақтасын. Бұлардың әрқайсысы тариқат оразасын бұзады. Шариғатта ораза уақытқа байланысты, яғни кезі, уақты жеткенде ашып, жабады. Бірақ, тариқатта мәңгі, яғни өмірінің соңына дейін. Әһлі шариғаттың ораза тұтудан мақсаты – күн батқаннан кейін барып ішіп, жеу. Қуаныштары – айттың кешінде ай көру. Бірақ, әһлі тариқаттың мұраты – әлгі оразасынан жаннатта тойлау. Қиямет күнінде олардың сыйы – Алланың дидары. Бірақ, әһлі тариқаттың оразасы (саум ул-хақиқати) ол дүр – жүрегін Алладан басқаға махаббат қылудан сақтау және махаббати мүшаһада, яғни Алладан басқаға сырға берік болу. Ал егер, жүрегінде Алладан басқаға махаббат пайда болса, саум ул-хақиқатты, яғни тариқат оразасын бұзады. Оған бұл оразаның қазасын өтеу керек болады. Қазасын өтеуі сол Аллаға махаббат қылып, Оның ризалығын табуға қайту. Ақыретте бұл оразаның сыйы – Алланың дидары. Мұның бәрі «Әл-Асрардан» алынды.
Білің, ей, достар! Әр ағзаның, тәннің, дененің зекеті бар. Мәселен Башар Хафи (рһ) айтады: «Көздің зекеті – ғибратпенен назар салу, тілдің зекеті – калима «лә иләһә иллалланы» айту, құлқынның зекеті – харам және сол сияқты нәрселерден тыйылу, жүздің зекеті – құдіретті күшті Раббыға {шын жүректен} /әдеппен/ сәжде қылу, қолдың зекеті – налынып, жалынып қажетін тілеу, аяқтың зекеті – онымен жүріп, тағатқа бару, жүректің зекеті – мағрифаттың шарттарына опа қылу, сырдың зекеті – махаббат шекарасын сақтау. Барлығы «Халисату әл-Хақаиқтан» алынды.
Алдыңғы ақпарат

ҚАРНАҚ-ІШКЕНТ ҚАЛАШЫҒЫ

Келесі ақпарат

КӨК ТОНДЫ АТА КЕСЕНЕСІ