МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Тағдыр тағылымы» кітабы музей-қорық кітапханасына сыйға тартылды

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеуші ғалым және мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтың ұлы — Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің жетекшісі әрі «Ozbekali Janibek» қоғамдық қорының директоры Бауыржан Жәнібеков әкесінің «Тағдыр Тағылымы» кітабының жаңа басылымын жарыққа шығарып, біршама данасын «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының кітапханасына сыйға тартты.

Бұл құнды туындыда Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы, мәдени мұраға сіңірген еңбегі және тағылымды ой-пікірлері көрініс тапқан. Жаңа басылым музей кітапханасының қорын байытып, зерттеушілер мен музей-қорық қызметкерлеріне маңызды дереккөз болмақ.

М.Көпеева, кітапханашы

Алдыңғы ақпарат

ТЕМІРЖОЛ – ЕЛ ТІРШІЛІГІНІҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Келесі ақпарат

«Түркістан – мыңжылдықтар сәулесі» Ұлы ұстаз мұрасы Шығыс Қазақстанда