МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ТАҢБАЛЫ» ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕДІ

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығына Алматы облысы, Жамбыл ауданында орналасқан «Таңбалы» мемлекттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы арнайы жылжымалы көрмесімен келген болатын. Көрменің мақсаты музейдің жәдігерлерін көпшілікке таныстыру, оның құндылықтарын бұқара халыққа насихаттау болып табылады.
Көрмеге ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Нұрмақсұтов Қуаныш, ғылыми қызметкер Мырзабай Дастан және де кіші ғылыми-қызметкер Орашова Анар келді.
Аталмыш музей 2003 жылы ашылып, 2004 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген болатын.
Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі 900 гектарды алып жатқан Таңбалы археологиялық ландшафтына кіреді, сонымен қатар аймақтың аралық бөлігін 2900 гектарда орналасқан Бүкіләлемдік Мәдени Мұра Тізіміне енген ескерткіштер алып жатыр.
Таңбалы археологиялық кешеніндегі жүзге жуық әр уақыттағы ескерткіштер, қоныстар, қабірлер, жартас суреттері, қола дәуірінен б.з.д. XIV-XIII ғасырлардың ортасынан XIX-XX ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.
Алдыңғы ақпарат

Тарих апталығында көрме ұйымдастырылды

Келесі ақпарат

«Айбоз» тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды