МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Түркістандағы тарихи орындар жайлы көрме ашылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Түркістан қаласындағы №16 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінде көрме ұйымдастырды.

Көрмеге Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасындағы тарихи ескерткіштер, қорық-музейге қарасты көне қалалардың тарихынан сыр шертетін суреттер мен мәліметтер қойылды.

Еліміздің тарихи-мәдени мұрасының ең құнды жәдігерлері тарихи ескерткіштер десек, өткен тарих қойнауынан сыр шертетін олар бүгінгі ұрпаққа көп мағлұмат берері сөзсіз.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі құрамында 99 тарихи-мәдени ескерткіш және 24 мыңнан аса жәдігер бар.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК – республикадағы іргелі музейлердің бірі.
Қорық-музей ақын, ислам дінінің көрнекті жаршысы, «Түркістан пірі» атанған ғұлама Қожа Ахмет Ясауи (Әзірет Сұлтан) құрметіне арнап, ХIV ғасырдың соңында Әмір Темір салдырған кесене негізінде Түркістан қаласында 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» ретінде ашылды. 1989 жылы тамыздың 28 күні Қазақ ССР Министрлер кеңесінің №256 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.07.2015 жылғы «ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» №585 қаулысымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК болып қайта құрылған. Мұнда 1 халықаралық, 20 республикалық, 7 жергілікті маңызға ие ескерткіш, алдын-ала есепке алынған 71 ескерткіш бар.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Алдыңғы ақпарат

Түркістанда «Өзбекәлі Жәнібеков оқулары: Ұлт рухын ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті

Келесі ақпарат

Полицейлер Түркістан тарихы жайлы дәріс тыңдап, экскурсия жасады