МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Түркістандағы алғашқы хан ордасы

Жеті ата көшесі бойында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 300м жерде орналасқан бұл хан ордасының негізін 1598-1605жж. аралығында Есім хан салдырған. Одан соң бұл орданы қоныс еткендер Жәнібек, Жәңгір, Батыр хандар (1630-1670жж). Ал, 1680-1715жж. Тәуке хан, 1715-1719жж. Қайып хан, 1719-1726жж. Болат хан, 1726-1738жж. Сәмеке хан, 1739-1771жж. Әбілмәмбет хан, 1771-1780жж. Абылай хандар қысқы айларда орда ретінде пайдаланған. Орданың орны XVII-XVIIIғғ. сызылған Мессершмидт картасында «Ханово место» деп көрсетілген.
Хан ордасының орынын іздестіру жұмыстары 2004-2014жж. аралығында жүргізілген. «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде Түркістан археологиялық экспедициясы күшімен атқарылды. Ұзақ жылдарға созылған жұмыс барысында алдымен 3,5-4м тереңдікте орналасқан Әбілмәмбет ханның ордасы аршылды, оның алғашқы көлемі 20х22м болатын. 2010-2014жж. оған көршілес 20х19м Тәуке хан (тереңдігі 4-4,5м) ордасы тұсындағы құрылыстар аршылды. Тәуке хан бұл жерді 35 жыл, ал, Әбілмәмбет хан 40 жыл қысқы тұрақ, орда есебінде пайдаланған.
2018-2020жж. аралығында Хан ордалары оңтүстік-шығысқа қарай кеңейтілді және орданың ішімен өткен көшенің оңтүстік-шығыс бөлігі де Жеті ата көшесі бойымен қақпалары, мұнаралары аршылды. Хан ордасы жалпы көлемі 1,5 га жерді алып жатыр.
Салимжан Салходжаев, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының тарихи ескерткіштерді қорғау инспекторы.
Алдыңғы ақпарат

Самарқанда халықаралық музейтану форумы болып өтті

Келесі ақпарат

ТҮЙМЕЛЕР. Х-ХІІ ғғ.