МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ТҮРКІСТАН ЖАЗИРАСЫНДАҒЫ КЕРАМИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАР» КӨРМЕСІ

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығында «Түркістан жазирасының керамикалық бұйымдары» көрмесі ашылды. Онда музей қорынан 200-ге жуық қыш ыдыстар мен тұрмыстық бұйымдар ұсынылған. Аталған көрме-экспозиция үш бөлімге бөлінген. Б.д.д. ХV –X ғғ. Қола дәуірінен VIII – I ғғ. Сақ, Үйсін кезеңдеріне дейінгі қыш бұйымдар үлгілері;

— Б.д. І – V ғғ. арасындағы кейінгі ежелгі дәуір мен V – ХІV ғғ. ерте және дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі керамика үлгілері;

— ХV-ХVІІІ ғғ. кейінгі орта ғасыр мен ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазіргі заман керамикасы бұйымдары қойылған.

Көрменің ғылыми тұжырымдамасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы қызметкерлерінің «Түркістан жазирасындағы қыш бұйымдар» альбом-жинағына (авторлары – М.Қ. Тұяқбаев, Ә.М. Егеубаева) негізделген.

Археологиялық қазбаларда табылған негізгі материал – қыш. Ол шаруашылық пен тұрмыста кең қолданылып, уақыт өте көзешілік өнерінің дамуына ықпал етті. Сазбалшықтан жасалған бұйымдар ежелгі дәуірдің ең төзімді жәдігерлері саналады. Көзешілік б.з.д. 6000 жыл бұрын Азияның оңтүстік-батысында қалыптасса, Қазақстанда қыш бұйымдар неолит дәуірінде, яғни б.з.д. 50000 жыл бұрын пайда болған.

Алғашқы қауымдық құрылымда қыш жасаумен әйелдер айналысқаны анықталған. Ерлер аңшылық пен мал шаруашылығын жүргізсе, әйелдер егіншілік, үй шаруашылығы мен теміршілікке де араласқан. Ыдыс жасауға пайдаланылатын балшық мұқият таңдалып, кейде арнайы жерден жеткізілген.

Алдыңғы ақпарат

«Түркістан жазирасындағы керамикалық бұйымдар» көрмесі

Келесі ақпарат

ТАРИХИ ҚҰНДЫ АСПАЛЫ ШЫРАҒДАН