МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ТҮРКІСТАНҒА ЮНЕСКО-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ КРИСТА ПИККАТ КЕЛДІ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының директоры, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріндегі ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккат келді.

Түркі әлемінің мәдени астанасына арнайы келген өкіл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Тарихи орын жөнінде кеңінен ой бөліскен Криста Пиккат Түркістан – мәдени-тарихи ескерткіштерге, табиғи қорықтарға бай өлке. Біздің мақсатымыз осы айрықша ескерткіштерді қорғай отырып, туризм орталығына айналдыру жөніндегі пікірлерімен бөлісті.

Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Ботабайұлы қорық-музейдің жарыққа шығарған тарихи кітаптарын сыйға берді.

Алдыңғы ақпарат

Адалбақан, ХХ ғ.

Келесі ақпарат

ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫНАН X-XI ҒАСЫРҒА ТӘН ЕСКЕРТКІШ ТАБЫЛДЫ