25 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Марат Қамзолдаев пен Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Мақсат Арғынбеков арнайы іссапармен Түркістан облысына келді. Сапар барысында сыбайлас жемқорлықты алдын-алу және оларды болдырмау жұмыстары бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі басшылығымен және қорық-музей жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелерімен жүздесті.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының іске асырылуын қамтамасыз ету барысында және «Адалдық алаңы» жобасының жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде құрылған «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде халыққа кеңес беру мақсатында азаматтарды қабылдау үшін құрылған комиссия құрамымен танысты. Музей директоры Н.Ахметжанов 2020 жылдың 3 желтоқсанында кәсіпорын директорының №05-01/59-н/қ бұйрығымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК — «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде комиссия құрылғанын, комиссия құрамына директор орынбасарлары, кадр бөлімі, бухгалтер, кәсіподақ ұйымының төрағасы және бөлім басшылары кіріп отырғанын хабарлады. Сондай-ақ, комиссия мүшелерінің қабылдау кестесі түзілгендігі, қорық-музейдің ресми сайтында «Адалдық алаңы» парақшасы ашылғаны жөнінде ақпар берді.
Жиын барысында Марат Қамзолдаев: «Адалдық алаңының» қызметі сыбайлас жемқорлықтың таралуына жол бермеу үшін ең алдымен әрбір жеке адам өзінен бастау керектігін түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың таралуына қарсы тұру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясатты әзірлеу және іс жүзінде іске асыру біздің мемлекет үшін кезек күттірмес мәселе екендігін ұғынуымыз керек. «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде мекемелерден құрылған комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруды және қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, келіп түскен өтініштер мен жолдауларды талдау, кәсіпорынның электрондық ресурстарында ақпарат беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарын жүргізеді», — деді. Осы бағыттағы қорық-музейдің алғашқы іс-шараларының қатарында музей заңгерінің қызметкерлерге құқықтық тұрғыдан дәріс оқу керектігі жөніндегі тапсырма берілді.