🔹 Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлерінің қатысуымен Ясауи музейінің акт залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адалдықтың кепілі» атты іс-шара өтті. Жиынды музей-қорық директоры Нұрлан Дүкенбаев ашып, қоғам үшін аса өзекті саналатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне ерекше тоқталды. Ол адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттаудың бүгінгі күндегі маңызын атап өтіп, ұжым мүшелерін осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге шақырды.
🔹 Кездесудің арнайы қонағы ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Эльнур Абдумавланов қатысты. Шара барысында тақырыпқа байланысты бейнероликті қатысушылардың назарына ұсынып, сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізер кері әсерін жан-жақты түсіндірді.
🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас пен белсенді азаматтық позиция қалыптастыру болды.
🔹 Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сала маманынан толыққанды әрі тұшымды жауап алды.
А. Әлібек, баспасөз хатшысы.










