
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының базасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Теология» факультетінің бір топ студенттері іс-тәжірибеден өтіп жатыр. Дінтану, теология мамандығының студенттері музей-қорық қорында сақталған араб, парсы, шағатай тілінде жазылған кітаптарды оқу, аудару ісімен айналысуда. Бүгінгі таңда, музей-қорық қорында 454 дана баспа кітаптары, 163 дана қолжазба кітаптары сақталған. Студенттерге кіші ғылыми қызметкер араб, парсы, шағатай тілінің маманы Ұ.Жүнісбаев жетекшілік жасауда.
Видеоплеер
00:00
00:00
Қазіргі таңда, студенттер Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың шәкірті Шайық Худайдат Таш-Мұхаммед әл Бухаридің «Бустан ул Мухиббин» еңбегімен танысып, аударма, оқу жұмыстарымен айналысуда. Қолжазба кітап ХVІІІ ғасырда араб,парсы, шағатай тілдерінде жазылған.