Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың төрағалық етуімен Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыратын Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
Кешенді жоспар 5 негізгі бағыттан тұрады: нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету; мектеп және студенттік спорт; спорт желілерін кеңейту; салауатты өмір салтын насихаттау және кеңінен тарату; спорттық-бұқаралық іс-шаралар. Қазақстан Республикасының 8 заңнамалық актісіне 33 түзету енгізу туралы ұсынысты қамтитын бұқаралық спорт жөніндегі Заң жобасы қазіргі таңда Парламент отырысына талқылауға жіберілген.
Жекелей алсақ, дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтан тыс сабақтар өткізгені үшін мұғалімдерге қосымша ақы енгізу, білім берудің барлық деңгейлерінде дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонентті енгізу, халықпен жұмыс істейтін спорт нұсқаушыларын дайындау, өңірлерде дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастыру және т.б.
Жұмыс тобы карантин шаралары аяқталып, елімізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталған соң, өңірлерге шығып, халыққа аталған құжаттың маңыздылығын түсіндіреді.
Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысының 2019 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылға арналған кешенді жоспар дайындалған болатын.
Аталған құжатты іске асыру арқылы, барлық жас санаттары арасында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықты қамтуды 2025 жылға қарай кемінде 40% немесе 7,5 млн. адамға жеткізу көзделген.