МАҢЫЗДЫ :

nothing found

СИЯ САУЫТ, ХVІІІ-ХІХ ғғ.

Сия сауыт қыштан арнайы тұғырға отырғызылып құйылып сия сақтауға  арналып төрт кіші, бір үлкен ыдыс түрінде жасалған. Өлшемі: Һ-10,5 см; d түб-7,5 см. тең. Табаны тегіс ортасына кішкене хұмша тәрізденген ыдыс орнатылып, одан төмен төрт  жағына пішіндері дәл сондай кішкентай ыдыстар жапсырылған. Сырты сары бояумен боялып, үстіне жасыл, қара түсті бояулар өрнек түрінде ағызылып, шыңылтырмен қапталған. Ортасына орнатылған хұмша тәрізденген ыдысқа қамыстан, қоғадан жасалған қаламсаптар салынып, төмендегі ыдыстар түрлі-түсті сиялар құюға арналған. Алғашқы сия сауыттар жұқа папирус, пергаменттер (алғашқы қағаз түрі) пайда болып оларға жазу жаза бастағаннан бастап пайда болған. Алғашқыда олар саз балшықтан ыдыс түрінде жасалды. Әрине Рим императорлары мен сарай хат жазғыштарының сия сауыттары ерекше материалдардан жасалды. Сия сауыттарды әртүрлі материалдардан тастан, шыныдан, фарфордан, металдан жасаған. Ең жақсылары   шыныдан жасалған сия сауыттар болды. Сия сауыттар  қақпақты немесе қақпақсыз болып жасалынды. Мұнан өзге музей қорында Қаратөбе-Сауран қазбаларынан табылған ХІІ ғасырға тән сия суыттар да бар. Сия сауыт музей қорына 1981 ж. қабылданған, өткізген Түркістан  қаласының тұрғыны А.Хамрақұлов.

Алдыңғы ақпарат

№28-ші мектеп-лицейде «Түркістан жауһарлары» атты көрме лекция ұйымдастырылды

Келесі ақпарат

18 сәуір — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні