МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Шырағдандар, ХIV ғ.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне сыйға тартылған қола шырағдандар ХIV  ғасырдан сақталған құнды жәдігерлер болып табылады. ХХ ғасырдың басында кесенеде Әмір Темір бұйрығымен ̒Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин Исфахани жасаған 6 шырағдан сақтаулы тұрған. 1905 жылы кесене ішінен ұрланған шырағданның бөліктері қазір Францияның Париж қаласындағы Лувр музейінде сақтаулы тұр. 1935 жылы кесенедегі екі шырағдан және үшіншісінің төменгі бөлігі Ленинградтағы мемлекеттік Эрмитаж музейіне жіберілген. Қола шырағдандардағы өсімдік тектес нәзік өрнектердің сәнді жарасымы, алтын-күміс жалатылған жазулары бұйымға қайталанбас тұтастық сыйлаған. Мұндағы жазулар 1397 жылы 17 маусымда Исфағандық Тадж-ет-Диннің баласы Из-ет-Дин шебердің жасағандығын баяндайды.

Жалпақ тұғырлы қола шырағдан ХIV ғ.

Әмір Темірдің тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнап Исфахандық шебер Из ет-Дин бин Тадж ед-Дин жасаған. 17 маусым 1397 жыл. Биіктігі — 86 см, ені — 58 см.

Қола шырағдан ХIV ғ.

Әмір Темірдің тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнап Исфахандық шебер Из ет-Дин бин Тадж ед-Дин жасаған. 17 маусым 1397 жыл. Биіктігі — 63 см, ені — 52 см.

Қола шырағдан ХIV ғ.

Әмір Темірдің тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнап Исфахандық шебер Из ет-Дин бин Тадж ед-Дин жасаған. 17 маусым 1397 жыл. Биіктігі — 76 см, ені — 52 см.

Цилиндр формалы қола шырағдан ХIV ғ.

Әмір Темірдің тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнап Исфахандық шебер Из ет-Дин бин Тадж ед-Дин жасаған. 17 маусым 1397 жыл. Биіктігі — 68 см, ені — 21 см.

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне қарасты тарихи-мәдени орындарды қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде

Келесі ақпарат

Тайқазан, ХIV ғ.