МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Шырағдандар

Ұлы қолбасшы Әмір Темір Көреген Ахмет Ясауи кесенесіне сыйлаған қола шырағдандар XIV ғасырдан сақталып келе жатқан құнды жәдігерлер. Олар кесенені жарықпен қамтамасыз ету мақсатында тұғыр ретінде қойылған.  Шырағдандарды Иран шебері Исфахандық құл Ғиззиддин бин Тажиддин қола, күміс, алтын сияқты жеті түрлі метал қоспаларынан құйған. Шырағдандардың беті өсімдік тектес ою-өрнектермен безендірілген, белдеулерінде сулус қолтаңбасымен жазылған сөздер бар. Шырағдандардың бірнешеуі мемлекет қарауына өтпестен бұрын шетелдерге асырылған. Оларның біреуі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 1935 жылы әкетіліп Санкт-Петербургтағы Эрмитажға түскен. Ол шырағданның биіктігі 84,5 см, тіркелінген нөмірі Икв № СА – 15931. Екіншісі Париждегі Лувр мұражайында үлкен шырағданның үстінгі бөлігі сақтаулы. Бұл шырағданның Францияға  қалай апарылғаны белгісіз.

Алдыңғы ақпарат

Қабірхана

Келесі ақпарат

Қазандық бөлмесі және Тайқазан